Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня

Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня
Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня

Алғашқы есіктердің пайда болу тарихы

Ежелгі адамдардың тұрғын үйлерін жетілдіру барысында ішкі дүниені сыртқы ортадан бөлуі үйлеріндегі микроклиматты тұрақты сақтау мен жаулардан қорғанудың қажеттігінен туындады. Сөйтіп, алғашқы есіктер қолданысқа енді. Біздің арғы ата-бабаларымыздың есіктерінің түрі өте қарапайым болды. Олар жауын-шашын мен желден, жәндіктер мен аңдардан қорғанатын жапқыш түрінде болатын. Алғашқы есіктер жануардардың терісінен, кенеп матадан, өрілген шыбықтар мен шөптен жасалды.   

Уақыт өте, тұрғын үйлердің дамуымен, есіктер де жетілдіріле бастады. Ағаштан, қыштан, тастан жасалған есіктер пайда болды. Есіктерге қойылатын талаптардың артуына байланысты, олардың беріктігіне де талаптар күшейтілді. Есік жасауға қалың тақтайлар қолданылып, мықты ілгіштермен жабдықтала бастады.

Көне замандарда құрастырылған есіктердің құрылымы топсалармен, кілттенетін құлыптармен жабдықталғанын археологиялық қазбалардан білуге болады. Табылған ежелгі есіктердің бірі үйеңкі ағашынан жасалғаны және оларды Ежелгі Египетте (біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын) қолданылғаны белгілі болды. Табылған көне жәдігерлердің ішінен тастан, қоладан, темірден жасалған есіктерді де кездестіреміз.

Бағзы заманнан бері сәулетшілер есіктерді безендіруге ерекше көңіл бөлген. Сәулет өнері тарихына үңілетін болсақ, есіктерді көркем безендіру мәселесінің маңыздылығын байқауға болады. Ғимараттың есіктері өздерінің басты міндеттерін атқарып қана қоймай, өнер туындылары ретінде де ерекше рөл атқарды.  Флоренциядағы Әулие Иоанн Крестительдің Баптистерийіндегі қола қақпаларын дүние жүзіне танымал архитектуралық ескерткішке жатқызуға болады. Бұл қақпалар ғимараттың үш жағында орналасқан: Оң қақпа – Иоанн Крестительдің өмір желісі мен оның ізгі істері бейнеленген Андреа Пизаноның еңбегі; Солтүстік қақпа – Жаңа өсиет, Евангелиста және шіркеу Ұстаздары бейнеленген Гиберти еңбегі; Шығыс қақпа – бұл да Гибертидің еңбегі. Қақпалар 1425 жылы Көпестер Гильдиясының тапсырысымен орындалған. Діни тақырыпта жасалған қақпалардың безендірілуіне Микеланджело жоғары баға беріп, «Жұмақ қақпасы» деп атапты.  

XVII ғасырларда Францияға әйнектелген есіктердің модасы келді. Мұндай есіктердің қазіргі заман талабына сай, заманауи материалдар мен технологиялар көмегімен жасалған үлгілерін қазіргі уақытта жиі кездестіруге болады.

Үйдегі жылуды сақтап қалу мақсатында жасалған, ортасынан жартылай ашылатын есіктерді Данияда ойлап шығарыпты. Есіктің төменгі бөлігін үй жануарларын далаға шығару үшін қолданған. 

Өткен ғасырдан бастап гидравликалық, пневматикалық және электржетекті есіктер қолданысқа ене бастады. Осы уақытта жиналмалы, жылжымалы, айналмалы есіктер де пайда болды.

Қазіргі уақытта да есіктердің маңызы өте зор және үйдің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Есіктің беріктігі мен сенімділігі үй иесін қорғап қана қоймайды, сонымен қатар оның бейнесін елестетеді. 

Акцияға

  • Көтерме саудагерлерге жеңілдік

  • Істестікке шақырып жатырмыз

Сервис

Барлық металлоконструкциялар жеке мөлшерлер бойынша өндіріліп жатыр, Сізге не үшін Сіздің сабақтас барлық сұрақтар бойынша кеңес беретін ұста-консультант шығып жатыр :

  • Конструкциямен

  • Өңдеумен

  • Су болып қалдылармен

  • Қоюмен

Наши сертификаты

Все права защищены © 2011-2024 «Броня-Интерсталь.kz»

Разработка сайта — Студия «Web-Design.kz»