Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня

Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня
Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня

Металл есіктердің артықшылықтары қандай?

Есіктердің басты қызметі тұрғын үйге кіріп-шығуға немесе шектеу қоюға бағытталған. Ол кез-келген үйдің немесе пәтердің таптырмайтын элементі. Ағаш пен металл – есік дайындауда қолданылатын басты материал.

Орал қаласында металл есіктердің көпшілік қолданысқа ие болуының басты себебі – олардың беріктігі және бұзып кіруден сенімді қорған бола алатындығы. Қазіргі жаңа технологиялар ағаш, тері және басқа да декоративті материалдарды пайдаланып, әдемі дизайнмен безендірілген өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.

Олар коррозиялық процестерге, қотырлануға, көгеруге төзімді. Бұл өнімдер жоғары деңгейлі жылу сақтау, дыбыс жұтыну, бұзудан сақтану қасиеттеріне ие. Сонымен қатар, есік қорабына қойылатын басты талап – есіктің габаритіне сәйкес келуі.

Металдан жасалған өнімнің эргономикалығымен қатар, өртке қауіпсіздік, оқ өткізбейтін, вандализмге төзімділік қасиеттері бар. Өнімдердің барлық түрлерінің де қолдану мерзімі 20 жылдан астам уақытты қамтиды.   

Ақсай қаласында қарапайым есіктен бастап элиталық есіктерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндіктер бар.

Өндірушілер қосымша қорғаныс мүмкіндіктерін жетілдіруде, атап айтсақ:    

  • Сақтандыруы жетілдірілген құлыптар;
  • Ілмектерін кесіп алудан қорғайтын тетіктер;
  • Аса берік, қатты металл жайылымдар;
  • Ашылуды шектегіштер.

Болат есіктер (металл есіктер) қарапайым жұмысшы үшін әлдеқайда арзан және қолжетімді. Техникалық қызмет көрсетуді көп талап етпейді. Қолдану барысында мәселе туындаған жағдайда, оларды шешу үшін көп шығын жұмсалмайды. 

Кемшіліктері қандай?

  1. Жапырылу мен сызаттардың пайда болуы. Бірақ мұндай сәттер беріктік, сенімділік қасиеттеріне әсер етпейді, функционалдық сапасы төмендемейді;
  2. Кең таралған проблеманың бірі – таттану. Барлық өнімдер антикоррозиялық ерітінділермен өңделіп, сапалы түрде боялған, бірақ терең сызаттар қорғаныс қабатын зақымдап, таттануға себепкер болуы мүмкін.

Қазақстандағы брондалған есіктер – жоғарғы беті брондалған аса берік қалың болат табақтан жасалған металл өнімі. Мынадай қосымша қасиеттері бар:

  • Кез келген әсерлерге қарамастан, оның ерекше құрылымы бастапқы формасын жоймайды, деформацияланудан қорғайды;
  • Жоғары сенімді қорғаныс;
  • Алып түрі ұрыларды сескендіреді;
  • Өрттен қорғанудың ең жақсы шешімі.

Таңдау барысында болат табақшаның қалыңдығына ерекше мән беріңіз, оның параметрі 5-6 см болуы шарт. Конструкция берік әрі сенімді құлыппен, жоғары сапалы фурнитуралармен жабдықталуы керек.

Өнімнің сапасына қарамастан, ескеруді қажет ететін кейбір шарттар:

  1. Конструкция беріктігіне сәйкес келмейтін сапасыз құлыптар. «Шақырмаған қонақтар» есіктің қалыңдығына қарамастан, құлыпты бұзуы мүмкін. Бұл жағдайда үй иесі жарылыстан, қару-жарақтан, механикалық бұзудан, өрттен ғана қорғана алады. 
  2. Бұзуға қарсы беріктік кейде кемшілікке айналуы мүмкін. Ерекше жағдайларда жедел құтқару, полиция, медицина қызметкерлерінің есікті ашу үшін ұзақ уақыт жұмсауы, пәтер иесінің өмірін құтқаруға кедергі келтіреді. 
  3. Дыбыс дабылы, видеобақылау тәрізді қосымша сақтандыру шаралары қажет. Әйтпесе, мекен-жайыңыз зиянкестердің назарына түсуі мүмкін.

Сіздің конструкцияларыңыздың ондаған жылдар бойы сізге адал қызмет етуін қаласаңыз, металл өнімдерінің жүйелі түрде күтімді қажет ететінін есіңізден шығармаңыз. 

 

Акцияға

  • Көтерме саудагерлерге жеңілдік

  • Істестікке шақырып жатырмыз

Сервис

Барлық металлоконструкциялар жеке мөлшерлер бойынша өндіріліп жатыр, Сізге не үшін Сіздің сабақтас барлық сұрақтар бойынша кеңес беретін ұста-консультант шығып жатыр :

  • Конструкциямен

  • Өңдеумен

  • Су болып қалдылармен

  • Қоюмен

Наши сертификаты

Все права защищены © 2011-2024 «Броня-Интерсталь.kz»

Разработка сайта — Студия «Web-Design.kz»