Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня

Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня
Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня

Металл есіктерді пайдалану ерекшеліктері

Болаттан жасалған есіктерді пайдалану барысында уақыт өте кейбір ақаулар мен кемшіліктер байқалады. Бұл мәселе сатып алынған тауардың сапасына емес, қолдану қызметінің ұзақтығына байланысты туындайды. Есіктің ұзақ мерзім қолданылуының әсерінен оның фурнитураларының тозуы, топсаларының сықырлауы немесе басқа да ақаулары байқалуы мүмкін. Мұндай ұсақ-түйек кемшіліктерді болдырмау үшін, осы өнімдерді дұрыс пайдалану және күтім жасау ерекшеліктерін білу қажет.   

Болат есіктердің салмағы ауыр болғандықтан, қатты ашып-жабу кезінде салмақтың әсерінен ілмектеріне күш түседі, есіктің жақтаулары майысады және құлыптары тез істен шығады. Сондықтан есікті еппен, бірқалыпты қолдану арқылы оның тетіктерінің уақытынан бұрын істен шығуы мен бұзылуынан қорғауға болады.    

Есіктің құлыптарын кілтпен ашқанда немесе жапқанда тұтқасынан басудың қажеті жоқ, өйткені есіктің ысырмасы мен құлыптың арасында қысымның күшейуі нәтижесінде механизмдердің жұмыс жарамдылығының уақыты қысқарып, құлыптың сіресіп қалуына әкеліп соқтырады. Яғни, алдымен құлыпты ашып, содан кейін тұтқаны төмен басып, есікті ашу керек.

Ұнтақты-полимерлі қабатты химиялық әсерлерден сақтаңыз. Есікті тазалау кезінде әлсіз сабын ерітіндісі мен жұмсақ матаны қолданған жөн. Егер есік эконом класына жататын болса, мұндай есіктерді аулаға шығатын бағытта орнату кезінде сыртқы бетіне қорғаныс қалқан орнату арқылы қорғау керек.  

Ғимарат ішінде жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілген жағдайда, көтеріңкі ылғалдың әсерінен, есіктің ішкі аралығында және есік қорабында конденсаттың жиналуы ықтимал. Жұмыс аяқталған соң бұл әсер жойылады.

Жер үйлерде орнатылған болат есіктерде кездесетін басты проблемалардың бірі – конденсаттың пайда болуы. Оған басты себептер, мыналар:

  • салыстырмалы ауа ылғалдылығының жоғарылығы;
  • металл есіктің сыртқы және ішкі аумағындағы температуралардың үлкен айырмашылығы;
  • болат есіктердің жылылықты сақтау қасиеттерінің төмендігі.

Адам денсаулығына ауаның шектен тыс құрғақтығы мен үлкен ылғалдылығы зиянды әсерін тигізеді. Ең қолайлы ауа ылғалдығы 40-60% аралығы болып табылады, сондықтан тұрғын жайдың ішкі және сыртқы ауа температуралары мен ылғалдығын қажетті нормаға сай қалыпта ұстаған маңызды.

Егер бөлме ғимараттың температурасы «шық нүктесінен» (ауаның белгілі бір жағдайдағы температуралық және ылғалдық деңгейінің шыққа айналу сәті) төмен болса, ылғалдану әсері басталады.

Сыртқы металл есіктердің конденсатымен қалай күресу керек?

Біріншіден, есіктің жоғарғы жағына жылы ауа үретін жылу вентиляторларын орнатуға болады (жылу шымылдығы).

Екіншіден, есіктер темірден жасалғандықтан, оның конструкциясындағы темірдің салқын тартатынын ескеру керек. Егер сізді кеңесші-консультант, бұл есіктердің 40 градус аязда да суымайтынын айтып сендіретін болса, оның жалған екенін біліңіз. Өйткені мұндай аязға ешнәрсе де шыдамайды. Ертеде үйлердің есіктері аязда қатып қалмау үшін, үйдің бөлмесі мен шығатын жерінің арасына кіре беріс бөлмелер салған. Қазіргі кезде мұндай бөлмелерді салқын тамбур деп те атайды, оның басты мақсаты – есіктің сыртқы жағындағы салқын ауаны 10-15 градусқа дейін көтеру. Кейбір құрылыс мекемелері коттедж қалашықтары мен таунхаустар салған кезде, үнемдеу мақсатымен салқын тамбурларды салмай кетеді. Бұл тұрғындарға көптеген қиындықтар тудырады. Климаты өзгермелі және тау аймағында орналасқан аудандарда салқын тамбурлар міндетті түрде қажет. Осы жағдайлар қалалық салқын подъездерге де қатысты.      

Үшіншіден, пәтерлер мен үйлерді ауа алмасу вентиляциясымен жабдықтау қажет.

Кіретін металл есіктердегі конденсаттың пайда болуы, есіктің сапасының төмендігінен емес, ғимараттың ішкі және сыртқы жағдайларының қолайсыздығынан туындайтынын есіңізде сақтаңыз.

Акцияға

  • Көтерме саудагерлерге жеңілдік

  • Істестікке шақырып жатырмыз

Сервис

Барлық металлоконструкциялар жеке мөлшерлер бойынша өндіріліп жатыр, Сізге не үшін Сіздің сабақтас барлық сұрақтар бойынша кеңес беретін ұста-консультант шығып жатыр :

  • Конструкциямен

  • Өңдеумен

  • Су болып қалдылармен

  • Қоюмен

Наши сертификаты

Все права защищены © 2011-2024 «Броня-Интерсталь.kz»

Разработка сайта — Студия «Web-Design.kz»