Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня

Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня
Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня

ПВХ қаптамасы – бұл не?

Алдымен ПВХ дегеннің не екеніне түсініп алайық.

Поливинилхлорид, халық арасында ПВХ деген атпен танымал, құрылыс заттары мен құрылыс конструкцияларын жасау өдірісінде қазіргі заманғы жиі қолданылатын материал. Бұл материалдан терезелер мен есіктер, бөлменің керілмелі төбелерін, оқшаулағыш материлдар, линолиум, вагонка, сайдинг, бау-бақша шлангілері, басқа да көптеген құрылыс және тұрмыстық  заттарды жасайды. 

Поливинилхлорид (ПВХ) қайта өңдеу мүмкіндігі бар термопласт тобына (пластмасса түрі) жатады. ПВХ-ны синтетикалық тәсілмен өндіреді. Оның құрамы мұнай өнімінен алынған этиленнен (40% жуық)  және ас тұзынан синтездеу жолымен алынған байланысқан хлордан (60% жуық) тұрады. Ақ түсті ұнтақ. 

Өңдеу барысында ұнтаққа әртүрлі тұрақтандырғыштар қосылады. ПВХ-ны қолдану саласына байланысты құрамында қорғасын, кальций мен мырыш қоспасы және полимердің беріктік пен төзімділік сапасын арттыратын басқа материалдар болуы мүмкін. ПВХ-ны жеңіл өңдеуге мүмкіндік беретін және иілгіштік қасиет беретін модификаторлар қолданылады. Жалпылай айтқанда, ПВХ-дан жасалатын өнімдердің сапалық, түрлі атмосфералық құбылыстардың әсеріне қарсы тұру, қышқыл, сілті, еріткіштер әсеріне төзімділік қасиеттерін арттыру мақсатында басқа да 10-15 түрлі компоненттер қолданылады.     

ПВХ 1835 жылы пайда болса да, өткен ғасырдың ортасынан бастап өнеркәсіпте кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі таңда поливинилхлорид пен ПВХ құрамдас конструкциялар әртүрлі саладағы көптеген өнеркәсіп орындарында пайдаланылады. Өңдеу кезінде қарапайымдылығы мен ұзақмерзімдік сапасының нәтижесінде оларды құрылыс саласында көп қолданылады.  

МДФ – бұл кептірілген ағаш талшықтарын синтетикалық біріктіргіш заттармен өңдеп, кейін ыстық пресстеу (тығыздығы 700...870 кг/м3) мен тегістеу нәтижесінде пайда болған тақта тәрізді материал. Құны төмен бола тұра экологиялық және сапалық мінездемелері бойынша табиғи ағаштан кем түспейді және жан-жақты қолдануға мүмкіндік береді.

Есіктерге арналған МДФ қаптамалар 6 мм, 8 мм, 12 мм, 16 мм қалыңдықпен дайындалады. 

Сонымен қатар, есіктерге арналған қаптамалар жасау өндірісінде МДФ (MDF) құрамына денсаулыққа зиянды эпоксидті шайыр мен фенол қосылмайды. Сондықтан МДФ (MDF) негізінде жасалған МДФ қаптамалы есіктерді гигиеналық тазалықты талап ететін жерлерде, мысалы, балалар комплекті мен асхана жиһаздарында қолдануға болады. 

Металл есіктердегі МДФ қаптамаларына кеуіп қалу немесе пішінінің өзгеріп кету қаупі төнбейді. МДФ қаптамаларын дұрыс қолдану ережелерін орындау нәтижесінде ұзақ мерзім пайдалануға болады. МДФ қаптамалары эстетикалық түрінің тартымдылығымен, сонымен қатар есік қаптамаларын дайындауда жұмсалатын өндірістік шығындардың төмендігімен тиімді.

Акцияға

  • Көтерме саудагерлерге жеңілдік

  • Істестікке шақырып жатырмыз

Сервис

Барлық металлоконструкциялар жеке мөлшерлер бойынша өндіріліп жатыр, Сізге не үшін Сіздің сабақтас барлық сұрақтар бойынша кеңес беретін ұста-консультант шығып жатыр :

  • Конструкциямен

  • Өңдеумен

  • Су болып қалдылармен

  • Қоюмен

Наши сертификаты

Все права защищены © 2011-2024 «Броня-Интерсталь.kz»

Разработка сайта — Студия «Web-Design.kz»