Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня

Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня
Широкий ассортимент металлических дверей Уральск, Аксай - Казахстан Броня

Қолдан көркем соғу

Соғу  - соғу температурасына дейін қыздырылған әртүрлі металдарды (темір, мыс және оның қоспалары, титан, алюминий және оның қоспалары) жоғары температуралық өңдеу процесі. Физикалық (балқу, кристалдану температурасы) және химиялық (қосынды элементтердің болуы) қасиеттеріне байланысты әр металдың өзіне тән соғу температурасы болады. Темірдің температуралық аралығы 1250-8000 С, мыс үшін 1000-6500 С, титан үшін 1600-9000 С, алюминий қоспалары үшін 480-4000 С.

Соғу түрлері:

  • Балғамен соғу (пневматикалық, бу және гидравликалық);
  • Қолдан соғу;
  • Қалыптау.

Көркем соғу – біліктілікпен қатар дарындылықты қажет ететін жұмыс. Жұмыстың бұл түрінде біздің шеберлеріміз өздерін жақсы жағынан көрсете білді.

Қолдан көркем соғу нәтижесінің әрдайым жоғары сапалы болуына мына жағдайлар әсер етеді:

  • сапалы бояуларды пайдалану;
  • жаңа құрылғыларда сенімді технологияларды қолдану;
  • тапсырыс берушілердің көңілінен шығатын нәтиже көрсету.

Біз көркем соғылған өнімдермен (қақпалар мен дуалдар, торлар мен қоршаулар, соғылған жиһаздар мен бөлме заттары) кәсіби түрде шұғылдана отырып, Орал, Ақсай, Батыс Қазақстан облысы мен Қазақтанның басқа да аймақтарында танымал болдық.  

Көркем соғу – ғимараттың көпшіліктен ерекшеленуінің заманауи тәсілі. Оның көмегімен құрылыстың көптеген ішкі интерьерлері мен сыртқы көріністерін ғана емес, бау-бақша мен ауланы да безендіруге болады. Мысалы, қазіргі кезде ауланы соғылған дуалдармен қоршау жиі қолданылатын болды. Соғылған дуалдар аулаңыз бен үйіңізге эстетикалық әдемі келбет беріп қана қоймай, иесінің статусын білдіретін көрсеткішке айналды. Біз сіздерге аулаңызға ерекше сән беретін әртүрлі дизайнды, күрделі өрнектеліп соғылған дуалдарды ұсынамыз.    

Біздің жұмыстағы принциптеріміз:

  • Әр тапсырыс берушінің талғамы мен талаптарын ескере отырып бабын табу:
  • Тапсырыстарды кәсіби дәрежеде орындау;
  • Дизайнерлер, ұсталар, дінекерлерушілер, слесарьлар, бояушылар мен олардың жаңа технологияларды қолдану арқылы кәсіби жұмысының нәтижесінде жасалған жоғары сапалы бұйымдар;
  • Қолданылған дизайн мен материалдарға сәйкесті қолжетімді бағалар;
  • Тапсырысты алдын-ала мәліметтеу мен өлшемдер жасау үшін тегін бару;
  • Жобаны дайындау мен монтаждау жұмыстарының толық циклін тапсырыс берушінің нысанында орындау;
  • Тапсырысты қатаң түрде келісілген уақытта аяқтау.

Акцияға

  • Көтерме саудагерлерге жеңілдік

  • Істестікке шақырып жатырмыз

Сервис

Барлық металлоконструкциялар жеке мөлшерлер бойынша өндіріліп жатыр, Сізге не үшін Сіздің сабақтас барлық сұрақтар бойынша кеңес беретін ұста-консультант шығып жатыр :

  • Конструкциямен

  • Өңдеумен

  • Су болып қалдылармен

  • Қоюмен

Наши сертификаты

Все права защищены © 2011-2024 «Броня-Интерсталь.kz»

Разработка сайта — Студия «Web-Design.kz»